Алматыда М. Әуезовтің романы бойынша сахналанған «Қилы заман» тарихи трагедиясының премьерасы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда М. Әуезовтің романы бойынша сахналанған «Қилы заман» тарихи трагедиясының премьерасы өтеді

Алматыда М. Әуезовтің романы бойынша сахналанған «Қилы заман» тарихи трагедиясының премьерасы өтеді

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Мұхтар Әуезовтің романы бойынша сахналанған «Қилы заман» тарихи трагедиясының премьерасына шақырады.

  • 28 Ақпан 2012
  • 465
Фото - Caravan.kz

Аталмыш қойылым 2, 6 наурыз күндері өтеді деп белгіленген.

Ұлы суреткер М.Әуезовтің «Қилы заман» туындысы алғаш рет 1997 жылы қойылған болатын.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің, атап айтқанда, Қарқара көтерілісінің тарихи баянын негізге ала отырып, халыққа жасалған қиянаттың түп себебіне үңілтетін, патшаның қазақ азаматтарын қара жұмысқа алу туралы жарлығына, отаршылдық саясатқа, зорлық-зомбылыққа қарсы шыққан елдің кешегісі мен бүгінін зерделеуге бастайтын жаңа қойылымның ең басты идеясы — бостандық рухын жоғалтпау.

«Рухың жоғалса — елдігіңнің жоғалғаны. Тарих сабақтары ұмытылмауы, тарих сабақтастығы үзілмеуі керек», — делінген ведомство хабарламасында.

Сахналық нұсқа — Н.Оразалиндікі, қоюшы-режиссер — ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ә.Рахимов, қоюшы-суретші — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Тұяқов, композиторы — ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Б. Дәлденбай.

Перейти к новостям спорта