Оралда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Қ.Бердіғалиевтің «Шарықтап елі алдында салған әні» атты кеші болды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Қ.Бердіғалиевтің «Шарықтап елі алдында салған әні» атты кеші болды

Оралда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Қ.Бердіғалиевтің «Шарықтап елі алдында салған әні» атты кеші болды

29 ақпан күні «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы ғимаратының үлкен залында аты алты алашқа мәлім әнші, айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Бердіғалиевтің 60 жасқа толуына орай «Шарықтап елі алдында салған әні» атты кеші болды.

  • 1 Наурыз 2012
  • 651
Фото - Caravan.kz

Мерейтой иесін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, Қ.Бердіғалиевтің Мұхит пен Ғарифолланың ән дәстүрін жалғастырушы бірегей тұлға екендігін атап өтті. Ол өзіне тән орындаушылығымен, айтыскерлік өнерімен ел мәртебесін асырып қана қоймай, өнерді алға апарар көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Қатимолла Бердіғалиев «Қазақтың мың әніне» он ән жаздырса, оның орындауында 78 туынды мәңгілік таспада қалды.

Қ.Бердіғалиевтің кешіне Түркістаннан Қазақстан халық әртісі Қажыбек Бекбосын, Алматыдан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова, әнші-композиторлар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Донеділ Қажымов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Дәукенова, домбырашы, мәдениет қайраткері Мақсат Тілепбергенов, әнші Мейрамгүл Орашева және еліміздің басқа өңірлерінен де өнерпаздар келіп, өз өнерлерін көрсетті.

Қатимолла Бердіғалиевпен бірге сахна төріне шәкірттері де көтеріліп, ән шырқады.