«Аламан» тобы «Жерім менің» ән байқауының жеңімпазы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Аламан» тобы «Жерім менің» ән байқауының жеңімпазы атанды

«Аламан» тобы «Жерім менің» ән байқауының жеңімпазы атанды

«Аламан» тобы Өскеменде аяқталған «Жерім менің» республикалық ән байқауында бірінші орынға ие болды.

  • 6 Наурыз 2012
  • 851
Фото - Caravan.kz

Олар ақын Қалқаман Сариннің сөзімен жазылған композитор Медет Салықбаевтың «Шығысым» және «Бағалайық бақытты» әндерін орындағаны үшін жеңімпаз атанды.

Естеріңізге сала кетейік, әділқазылар алдында 27 ән шырқалды. Іріктеу жарысынан кейін байқауда Астана, Алматы, Қостанай, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Қытай Халық Республикасы авторларының Шығыс Қазақстан туралы ең жарқын 15 өлеңі қалды. Бұл танымал қазақстандық композиторлар мен ақындар: Елена Әбдіхалықова, Серік Жанболат, Ұлықбек Есдәулетов, Алмат Исаеділ, Жанат Әскербекқызы, Қалқаман Сарин, Светқали Нұржановтың туындылары.

Салтанатты рәсім кезінде атап өтілгендей, шығысқазақстандықтардың бастамасымен ұйымдастырылған ән байқауы патриоттық рухты оятып, әлеуметтік оптимизмді көтереді. Туған жер және Отанға деген махаббат туралы әндер дарынды қазақстандық композиторлар, ақындар мен орындаушыларға шығармашылық жолдама береді.

Перейти к новостям спорта