Қазақстанның батыс аймағында үздік деп танылған суретшіге «Алтын қайық» сыйлығы тапсырылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның батыс аймағында үздік деп танылған суретшіге «Алтын қайық» сыйлығы тапсырылмақ

Қазақстанның батыс аймағында үздік деп танылған суретшіге «Алтын қайық» сыйлығы тапсырылмақ

Қазақстанның батыс аймағында 2012 жылдың қорытындысы бойынша үздік деп танылған суретшіге «Алтын қайық» сыйлығы тапсырылмақ.

  • 9 Наурыз 2012
  • 496
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, БҚО «Өнер» қоғамдық қорының директоры Қуандық Мәдірдің хабарлағанындай, таяуда Атырауда өткен Батыс аймақтық суретшілер кеңесінің мәжілісінде аталмыш сыйлықтың талап-ережелері талқыланып, оған қатысушылар осындай мәмілеге келген. Байқау жеңімпазына қомақты ақшалай сыйлық табыс етілетін болады.

Атырауда сонымен бірге «Ақжелкен» арт-галереясында «Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қоры (жетекшісі Нұрберген Дәулетов) өткен жылдың қорытындысы бойынша Батыс аймақ суретшілерінің есептік көрмесін ұйымдастырды. Оған Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары суретшілерінің таңдаулы туындылары қойылды. БҚО-дан Сатыбалды Құлбеков, Хайдар Шәблиев, Әшім Тасқалиев, Нұрбол Әміржанов, Мэлс Отаров, Қуандық Мәдір, Қанат Оразов сынды қылқалам шеберлерінің шығармалары апарылды.

Аталмыш көрме мен Батыс аймақтық суретшілер кеңесінің мәжілісіне Оралдан Қ.Мәдір мен дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешені жанындағы өнер бөлімінің ұстазы Қ.Оразов қатысып қайтқан.

Перейти к новостям спорта