Скрипкада жеке орындаушы — Давид Ойстрахтың шәкірті, әлемнің 50-ден астам елдерінде концерт қойып жүрген солист, Мәскеу консерваториясының профессоры, РФ халық әртісі Александр Виницкий. Ол 1997-2003 жылдар аралығында Фьеоледегі (Италия) Жоғары халықаралық мектебінің шақырылмалы профессоры болды. 1987 жылдан осы уақытқа дейін — Хельсинкидегі (Финляндия) Я.Сибелус атындағы Академияның шақырылмалы профессоры. Еревандағы (1972 ж.) Бүкілодақтық конкурстың лауреаты, Мәскеудегі (1978 ж.) П.И. Чайковский атындағы Халықаралық конкурстың лауреаты, Верчеллидегі (Италия, 1984 ж.) Виотти атындағы Халықаралық конкурстың лауреаты.
AMADEUS бұл — ғажайып концерттік бағдарлама, онда А. Виницкийдің авторлық каденцияларымен Вольфганг Амадей Моцарттың барлық бес скрипкалық концерті тұңғыш рет бір кеште орындалып шығады.