Астанада халықаралық байқаулардың лауреаты Бибігүл Жанұзақтың жеке концерті өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада халықаралық байқаулардың лауреаты Бибігүл Жанұзақтың жеке концерті өтеді

Астанада халықаралық байқаулардың лауреаты Бибігүл Жанұзақтың жеке концерті өтеді

16 наурыз күні сағат Қазақ ұлттық өнер университетінің орган залында Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің жеке орындаушысы,

  • 15 Наурыз 2012
  • 502
Фото - Caravan.kz

халықаралық байқаулардың лауреаты Бибігүл Жанұзақтың (сопрано) жеке концерті өтеді, деп хабарланды Астана қаласының Мәдениет басқармасынан.

Концертте «Абай» операсынан «Тойбастар», «Біржан-Сара» операсынан Сараның ариясы, танымал халық әндері орындалады.

Концертке Қазақ халық аспаптар оркестрі (көркемдік жетекшісі және бас дирижері — ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов), Камералық хор (көркемдік жетекшісі және дирижері — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Даутов), ҚР еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов, халықаралық байқаулардың лауреаты Бейімбет Таңарықов, Татьяна Вицинская қатысады.

Бибігүл Жанұзақ қазақ өнерінің жауһар туындыларын шетелде (Франция, АҚШ) насихаттап, әлемдік классикалық шығармаларды жоғары кәсіби деңгейде орындайтын әнші. Көптеген халықаралық және республикалық байқауларға қатысып, жүлдегер атанды.

Перейти к новостям спорта