Мүшәйра Мұхаңның мұрасын жырлады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүшәйра Мұхаңның мұрасын жырлады

Мүшәйра Мұхаңның мұрасын жырлады

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде қазақтың белгілі жазушысы Мұхтар Әуезовтың туғанына 115 жыл толуына арналған

  • 17 Наурыз 2012
  • 699
Фото - Caravan.kz

«Бәйшешек күлтесіндегі балауса жыр» атты жас ақындардың облыстық жыр мүшәйрасы өтті.

Жыр додасына облыстың Абай, Тарбағатай, Жарма, Үржар аудандары, Семей қаласы мен Түрксіб ауылының мектеп оқушылар, сондай-ақ «Жас Ұлан» ерлер лицейінің өнерпаздары қатысты.

32 ақын бақ сынаған сөз сайысының қорытындысы бойынша Абай ауданы Қарауыл гимназиясының оқушысы, М. Ибраев атындағы ақындар мектебінің шәкірті Серік Мұратов бас жүлдені иеленді. Мүшәйраның бірінші және екінші орындарына №47 орта мектептің оқушылары Қуандық Кенжебекұлы және Назерке Қабаева сәйкесінше ие болса, «Жас Ұлан» лицейінің шәкірті Айзат Төлегенұлы үшінші орынды қанағат тұтты.

Перейти к новостям спорта