Алматыда жас музыканттардың 46-шы республикалық байқауы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жас музыканттардың 46-шы республикалық байқауы басталды

Алматыда жас музыканттардың 46-шы республикалық байқауы басталды

26-31 наурыз аралығында Алматыда ҚР Білім және ғылым министрлігі мамандандырылған музыка мектептерінің, балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінде оқитын жас музыканттардың 46-шы республикалық байқауы өтеді.

  • 27 Наурыз 2012
  • 726
Фото - Caravan.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, байқау Мамандандырылған музыка мектептері үшін Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының базасында, Балалар музыка мектептері мен өнер мектептері үшін Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернатының базасында ұйымдастырылды.

Жас музыканттардың байқауы республиканың мектеп оқушылары, педагогтар мен ата-аналар жұртшылығының арасындағы ең танымал музыкалық байқаудың бірегейі. Ол жыл сайын түрлі мамандықтар бойынша өткізіледі: халық аспаптары, фортепиано және хор ұжымдары, ішекті және үрмелі аспаптар. Байқау әр мамандық бойынша мерзімділікпен үш жылда бір рет өткізіледі.

46-шы байқауға қазақ, орыс халық аспаптарында — (қобыз, қыл қобыз, саз сырнай, домбыра, баян-аккордеон, домра, шертер, балалайка, гитара) ойнайтын республиканың мамандандырылған музыка мектептерінің, балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің кіші, орта, жоғары топтарда өнер көрсететін оқушылары, сонымен қатар қазақ және орыс ұлттық аспаптар оркестрлері мен ансамбльдері қатысады.

Қатысушылардың қатарында 240 жеке орындаушы, 20-дан астам ұжым бар. Конкурсқа еліміздің барлық аймақтарынан жалпы саны 750 бала және олардың педагогтары қатысады.

Перейти к новостям спорта