АҚШ дипломаттарының сүйікті суретшісі Қазақстанға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ дипломаттарының сүйікті суретшісі Қазақстанға келді

АҚШ дипломаттарының сүйікті суретшісі Қазақстанға келді

Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен елімізге американдық танымал қылқалам шебері Шерон Косгроув келді.

  • 30 Наурыз 2012
  • 430
Фото - Caravan.kz

Бүгін ол Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада жергілікті суретшілермен және оқушылармен кездесті.

Қазақстанға сапары кезінде Ш. Косгроув Астанадан бөлек, Алматы мен Қостанай қалаларында болады деп күтілуде. Американдық суретші жергілікті тұрғындармен, өнер мектептерінің тәлімгерлерімен жиындар мен шеберлік сабақтарын өткізбек. Вашингтон қаласының тумасы болып табылатын Ш. Косгроув бүгінде Уилкс Университетінің өнер кафедрасында доцент. Ол көркемсурет және эстамп пәндері бойынша сабақ береді. Сонымен қатар ол Нью-Мексико университетінің және Шепард колледжінің ғылыми дәрежелеріне ие.

Шеронның туындылары АҚШ-тың және өзге де елдердің 50-ден астам ұжымдық, жеке және конкурстық көрмелеріне қатысты. Қазақстандағы АҚШ Елшісі Кеннет Фэйрфакстың резиденциясында бүгінгі күні Шеронның 4 жұмысы қойылған екен. Бұл суреттер «Елшіліктердегі өнер» бағдарламасы аясында резиденцияның жеке коллекциясына алынған болатын. Аталмыш бағдарлама 1963 жылдан бері іске асып келеді. Оның арқасында американдық өнерпаздардың қолынан шыққан 3,5 мыңнан астам туынды АҚШ Елшіліктері арқылы әлем халықтарының назарына ұсынылған.

Перейти к новостям спорта