Алматыда «Қазақстан Камератасы» мемлекеттік оркестрінің концерті өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Қазақстан Камератасы» мемлекеттік оркестрінің концерті өтеді

Алматыда «Қазақстан Камератасы» мемлекеттік оркестрінің концерті өтеді

Алматыда 31 наурызда «Қазақконцерт» залында «Қазақстан Камератасы» мемлекеттік оркестрінің «AMADEUS» атты концерті өтеді.

  • 30 Наурыз 2012
  • 480
Фото - Caravan.kz

Өнер ұжымы көрермендерге ғажайып концерттік бағдарлама ұсынбақ. Тұңғыш рет бір кеште А. Виницкийдің авторлық каденцияларымен Вольфганг Амадей Моцарттың барлық бес скрипкалық концерті орындалатын болады.

Концертте сондай-ақ, Давид Ойстрахтың шәкірті, әлемнің 50-ден астам елдерінде концерт қойып жүрген солист, Мәскеу консерваториясының профессоры, РФ халық әртісі Александр Виницкий скрипкада жеке орындауда өнер көрсетеді.

Александр Виницкий Еревандағы (1972 ж.) Бүкілодақтық конкурстың лауреаты, Мәскеудегі (1978 ж.) П.И. Чайковский атындағы Халықаралық конкурстың лауреаты, Верчеллидегі (Италия, 1984 ж.) Виотти атындағы Халықаралық конкурстың лауреаты болып табылады.

Перейти к новостям спорта