"Мен тірі тұрғанда сені "Республика сарайынының" маңына жолатпаймын" деп айтқан болатын: Әлімбекова сахнадан көрінбей кету себебін айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 "Мен тірі тұрғанда сені "Республика сарайынының" маңына жолатпаймын" деп айтқан болатын: Әлімбекова сахнадан көрінбей кету себебін айтып берді

 "Мен тірі тұрғанда сені "Республика сарайынының" маңына жолатпаймын" деп айтқан болатын: Әлімбекова сахнадан көрінбей кету себебін айтып берді

Танымал әнші Гауһар Әлімбекова сахнадан көрінбей кеткенін, түрлі кедергілерге тап болғанын Хабарlike бағдарламасында айтып берді.

  • 27 Наурыз
  • 90
Фото - Caravan.kz

Өнер иесі 10 жылдан бері жеке шығармашылық кешін өткізе алмай жүр.

“Негізі мен бұрыннан бір шығып, қайта жоқ болып кететін әншінің қатарынанмын ғой. Жылына бір рет есеп беріп, ән кеш өткізсем, жеңілдеп, өзім рахаттанып қаламын. Бірақ, соңғы 10 жылдың ішінде «Республика сарайында» ән кешін өткізбедім. Бұл маған байланысты дүние болған жоқ. Егер әнімнің тыңдаушысы ретінде мені жақсы білетін болсаңыздар, менің де басымнан біраз жағдай өтті. Осыдан 10 жыл бұрын маған бір кісі «мен тірі тұрғанда сені «Республика сарайынының» маңына жолатпаймын» деп айтқан болатын. Сөйтіп, ол кісі сөзінде тұрды. Маған ән кешін бергізбеді. Концерт ұйымдастыруға кедергі болғанымен қоймай, маған басқа да мәселе тауып берді. Сөйтіп жүргенде өзімнің әнші, сазгер екенімді ұмытып та кеткен уақыттар болды. Бірақ, сонда да басыма қанша күн туса да серігім, жаным гитарамды ешқашан жанымнан тастаған емеспін. Жылап жүрсем де, ән шығарып жүрдім. Бірақ ол кісінің аты-жөнін айта алмаймын», – деді өнер иесі.

Сонымен қатар әнші отбасындағы ауыр оқиғаны да есіне алды. 

“Өнерден қол үзіп қалған кезім өмірімнің ауыр күндері еді. Әкем дүниеден өткеннен кейін, артынан анам кетті. Екі есе ауыр соққы алдым. Одан кейін үш жыл бұрын ағам Асылхан мәңгілік мекенге аттанды. Сол кезде қатты есеңгіреп қалдым. Үйде 12 баланың ең үлкені еді. Менің өнерімнің қолдаушысы болатын. Бір-ақ сәтте ағамнан айырылып қалғанда ән де, өнер де жайына қалды. Міне, үш жылдан кейін қайтадан өзіме келіп отырмын”, – деп жан сырын ақтарды әнші.