Өмір бойына бас бостандығынан айырылды: Үш жасар егіздер мен тоғыз жасар қызды зорлаған өгей әкеге үкім шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өмір бойына бас бостандығынан айырылды: Үш жасар егіздер мен тоғыз жасар қызды зорлаған өгей әкеге үкім шықты

Өмір бойына бас бостандығынан айырылды: Үш жасар егіздер мен тоғыз жасар қызды зорлаған өгей әкеге үкім шықты

2023 жылдың күзінде Алматы облысында үш жасар егіздер мен тоғыз жасар қыздың зорланғаны туралы хабар қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. 2024 жылдың 29 наурызында кінәлі өмір бойына бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды

  • 29 Наурыз
  • 28
Сурет: freepik

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

«Балаларға қарсы жасалған жаға ұстатарлық қылмыстар туралы мен қараша айында Алматы облысына барған соң жазған болатынмын… Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, оның әйелі (үш жасар қыздың әжесі және тоғыз жасар баланың анасы) 25 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп жазды балалар омбудсмені Instagram желісінде.

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, Алматы облысында үш жасар егіздер мен тоғыз жасар қызды зорлау ісіне қатысты соңғы сот отырысы бір күн бұрын, 28 наурызда өткен.

Сонымен қатар, оның айтуынша, лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне құқықтық баға беруге қатысты облыс прокуратурасы қылмыстық жауапкершіліктен жалтару, қызметтегі немқұрайлылық, әрекетсіздік белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.