Елтаңба өзгерген жағдайда, теңге өзгере ме - Ұлттық банк жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елтаңба өзгерген жағдайда, теңге өзгере ме - Ұлттық банк жауап берді

Елтаңба өзгерген жағдайда, теңге өзгере ме - Ұлттық банк жауап берді

Ұлттық банк Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасын өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда банкноттар өзгеруі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

  • 1 Сәуiр
  • 45
Фото - Kazinform

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Банкноттар мен монеталардағы мемлекеттік рәміздерді ауыстыру мәселесі түпкілікті шешім қабылданғаннан кейін және Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілеріне қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін қаралуы мүмкін», — делінген Ұлттық банктің Kazinform агенттігінің сауалына берген жауабында.

Ведомство бұл жерде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заң сөз етіліп отырғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында мемлекеттік елтаңбаны өзгерту туралы ұсыныс айтқан болатын.

«Жалпы халықтық келісім болса, барлық аспектілерді жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау жүргізетін арнайы комиссия құрып, Қазақстанның жаңа мемлекеттік Елтаңбасының ең үздік эскизіне ашық конкурс жариялауға болады», — деді Мемлекет басшысы.