Қытай компаниясы Атыраудағы жерасты суының көтерілу себебін зерттеуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 481.84
  • 531.33
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай компаниясы Атыраудағы жерасты суының көтерілу себебін зерттеуі мүмкін

Қытай компаниясы Атыраудағы жерасты суының көтерілу себебін зерттеуі мүмкін

Атырау қаласында жерасты суы көтеріліп, жеке тұрғын үй иелерін қиындықты ұшыратып отыр

  • 1 Сәуiр
  • 27
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, былтыр Атырау облысы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сыртқы сауда айналымы 3 млрд 242 млн АҚШ долларына жеткен. Оның ішінде экспорт – 3 млрд 79 млн, ал импорт 163 млн АҚШ долларына жетті.

Қазір өңірде кәріз жүйесін салу, жерасты суын өңдеу, пайдалану және әлеуметтік нысандар салу өзекті мәселеге айналып отыр. Облыс әкімі мен «Қытай құрылыс корпорациясының үшінші инженерлік бюросы» компаниясының басшысы Лю Миннің кездесуінде осы мәселелерге басымдық берілді.

«Біз өңірге инвестиция тартып, индустрияны дамытуға басымдық беріп отырмыз. Қытай – инновациялық-индустриялық жобаларды қарқынды өркендеткен мемлекеттің бірі. Екі ел арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікті одан әрі дамытуға мүмкіндік мол. Бұл кездесу алда қолға алынатын жобаларға серпін береді», — деді Серік Шәпкенов.

Қытайлық компания басшысы Лю Миннің пікірінше, Атырау облысында көтерілген жерасты суын қалыпқа келтіру үшін дренаж жүйесін салу қажет. Осыған орай зерттеу жұмысын жүргізу үшін тиісті мамандар жіберіледі.

«Мұндай мәселе біздің Шэньчжень қаласында да туындады. Сол кезде біз тиісті зерттеу жүргізіп, мәселені оң шештік. Біздің тәжірибеміз бар. Тұзды жердің суын тазалау – өте жеңіл процесс. Бұған арнайы мерзім қажет. Кейін компанияның арнайы мамандары белгіленген аумақтарға зерттеу жүргізуге келеді. Бірлесе жұмыс істесек, екі ел экономикасын одан әрі өркендетуге, жерасты суының көтерілу мәселесін шешуге серпін береріне сенемін», — деді Лю Мин.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық ғалымдар ұшақ пен жолда мұз қатырмайтын реагент жасап шығарғанын хабарлаған едік.