Қазақстанның мәдени мұрасына деген құрмет ретінде жоба авторлары ежелгі ертегілер мен фольклор негізінде дамытушы ойыншықтар жасады.
Авторлар ұлттық стильде жасалып, ұлттық құндылықтарды бейнелейтін ойыншықтар шығарады. Ойыншықтар ойын арқылы еліміздің мәдениеті мен дәстүрін зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл балалардың қиялын, шығармашылық ойлауын, моторикасы мен әлеуметтік дағдысын дамытады.
— Балалардың ақыл-ойна, физикалық және эмоционалдық дамуына ықпал ету үшін Қазақстанның бай мәдени мұрасын дамытушы ойын элементтерімен үйлестіруге тырыстық. Біздің ойыншық экологиялық таза ағаштан жасалған және әрбірінде Қазақстанның мәдени мұрасын көрсететін бірегей дизайн мен сипаттама бар. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грантының арқасында біздің идеямызды жүзеге асырдық, — дейді жоба авторы Жұмагүл Әлмұхан.
Жоба авторлары балабақшада ойыншықтар бұрышын ашқан, онда әрбір бала логикалық ойындар ойнап, ұлттық ыдыс-аяқтар, киім-кешек және т.б. біле алады. Қазір мұндай бұрыш үш балабақшада бар, алдағы уақытта Елордада тағы 7 бұрыш ашылады.