Су тасқыны: Тұрғындардың несиесі 3 айға кейінге шегеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су тасқыны: Тұрғындардың несиесі 3 айға кейінге шегеріледі

Су тасқыны: Тұрғындардың несиесі 3 айға кейінге шегеріледі

Премьер-министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы су тасқынына байланысты жағдайды тексерді.

  • 5 Сәуiр
  • 66
Фото: primeminister.kz

Ол бірқатар су қоймаларын тікұшақпен аралап, су тасқынынан зардап шеккен үйлерге барып, ахуалдық орталықтың жұмысымен танысып, республикалық штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Сол жерде Олжас Бектенов су басқан үйлердің жай-күйін қарап, тұрғындардың баспаналарын қалпына келтіру және басқа да қосымша қолдау шараларын көрсетуге қатысты сұрақтарына жауап берді.

«Мәселен, әкімдік тізімдері бойынша су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтарға несиелер бойынша жылдың маусым айының соңына дейін 3 айға несие төлемдерін автоматты түрде кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі, сонымен қатар төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды», — делінген үкімет жариялаған хабарламада.

Жалпы облыста тасқын қаупі әлі сейілмеген. Қазір өзендердің көпшілігінде су арнасынан асып кеткелі тұр. Өңірде 792 үй су астында қалды. Облыстың 5 ауданында (Қобда, Мұғалжар, Темір, Әйтеке би, Ойыл) және Ақтөбе қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға жеке құрамнан 3140 адам, 664 техника жұмылдырылды. Барлығы 8 978 адам қауіпсіз жерге көшірілді.