Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды.
60 келіге дейінгі салмақта белдескен Ғабит Расулхан финалда канадалық Роман Семирозумды жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Күміс жүлдеге 50 келіге дейінгі салмақта Әділжан Нұрбекен мен 40 келіге дейінгі салмақта Әдия Жанахмет ие болды.
Ал 50 келіге дейінгі салмақта Бекарыс Құдайберген мен 60 келіге дейінгі салмақта Ахмет Баубек қола жүлдегер атанды.