Жемқорлық туралы хабар берген маңғыстаулықтарға 700 мың теңге сыйақы берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жемқорлық туралы хабар берген маңғыстаулықтарға 700 мың теңге сыйақы берілді

Жемқорлық туралы хабар берген маңғыстаулықтарға 700 мың теңге сыйақы берілді

Сыбайласжемқорлық туралы хабарлаған адам ақшалай қаражат аладыжәне мемлекеттің қорғауында болады

  • 7 Сәуiр
  • 3
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2024 © Sputnik / Абзал Калиев

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputni.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Маңғыстауда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағандарға 700 мың теңгеден астам ақша төленді.

Жыл басынан бері өңірдің үш тұрғынына сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 700 мың теңге берілді, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес, мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің қорғауында болады, яғни ол туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып қалады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдар мынадай түрде көтермеленеді:

әкімшілік істер бойынша -110 мың теңге (30 АЕК);

қылмыстық істер бойынша 147 мың теңгеден 14,7 миллион теңгеге дейін (40 АЕК-тен 4000 АЕК-ке дейін) сыйақы төленеді.