Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардан құралған топ соның ішінде ТЖД психологиялық қызмет тобы эвакуациялық пункттерді аралап жүр. Психологтар су тасқынынан зардап шеккен Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғындармен әңгімелесіп жатыр.
«Бұл жағдайда психологиялық көмек адамдарға өз жағдайын жеткізуге көмектесу, оларды тыңдауға мүмкіндік беру және дер кезінде ақпараттық көмек көрсете білу үшін жүргізіледі», — делінген ТЖМ хабарламасында.
Бұған дейін Атырау облысынан Маңғыстауға көшірілген тұрғындар саны артқанын жазған болатынбыз.
Құлсары қаласынан 33 мыңнан астам адам көшірілді.