Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Салтанат пен Бишімбаевтың некесін екі рет қиған имам жазаланыпты. Жазаланғанда жұмыстан қуылмаған, ескерту берілген.
Сотта Бишімбаев Салтанатқа үш рет талақ айтып, ажырасқанын, сосын қайтадан мешітке барып қидырғанын айтқанда таңғалған ем. Екі некені де бір мешітте, бір молда қиған. Ақшасын берсе имамдарға да бәрібір болып тұр ғой. (көпшілік періште көретін)
Әйтпесе, ең болмаса екінші рет келгенде айтпай ма, “айналайындар, неке сендерге ойыншық емес, заңды куәліктеріңді алып келіңдер” — деп. Мүфтият заңға пысқырмайды деген сөз.
Ал, білдей министр болған адамның балгерге сеніп, некесін тек имамға қидырып, талақ айтып жүргені бөлек мәселе», — деп жазды ол.