Өз еңбегімен емес, жемқорлықпен, заңсыз жолмен байыған шенеуніктер өте сараң, өзімшіл, қатыгез, қаныпезер болады - адвокат - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өз еңбегімен емес, жемқорлықпен, заңсыз жолмен байыған шенеуніктер өте сараң, өзімшіл, қатыгез, қаныпезер болады - адвокат

Өз еңбегімен емес, жемқорлықпен, заңсыз жолмен байыған шенеуніктер өте сараң, өзімшіл, қатыгез, қаныпезер болады - адвокат

Оларлың тіпті өз ұрпағына жаны ашымайды. Жаннан мал артық, өйткені..Арам жолмен жиналған дүние ешкімге опа бермейді екен. Ондай отбасыда байлық болғанмен, береке болмайды. Ондай отбасыларда бақыт, береке болмағандықтан,балаларының дені не ажырасып тынады, не бір-бірін өлтіріп тынады..

  • 3 Мамыр
  • 13
Фото: ашық дереккөз

Заңгер Ляззат Ахатова еліміздегі экс-шенеуніктерді сынады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Өлмесе, аман қалса, ары қарайғы өмірін сақтау үшін кетіп тынады. Кеткен адам тірі кеткенмен, ол отбасының әлегінен оңай құтыла салмайды. Өмір бойы кек алудың, жолына кедергі жасап, бүкіл күйені жағып, қиянат жасаудың құрбаны болады. Өзінде жігер, білім болса, бір өліп, бір тіріліп, мың жығылып, мың сүрініп, алға ұмтылып, өзін сүйрей береді. Жігер, мінез болмаса..Сынады да кетеді..Өйткені жемқор жүйенің шенеуніктеріне біреудің өмірі, тағдыры ойыншық. Сырт көзге олардан көсем, шешен, дана тұлға жоқ секілді көрінеді. Елдің бәрі сол маскаға алданады. Елді алдау, аянышын туғызу, дегеніне сендіру — ондай жаңдардың басты қасиеті мен құралы.

Бишімбаев отбасындағы жағдай — осындай шенеуніктер отбасыларының көрсеткіші іспеттес. Көбісінің түсінігі Бишімбаевпен сәйкес келеді, өйткені. Оны елге түсіндіріп айта да алмайсың, солай іштен тынасың. Өйткені елдің дені екіжүзді, дүниесі бардың сөзіне көбірек сенеді, “өзінде бірдеңе бар, жағдайының бәрі жасалған, мастанған ғой, әбден” деп, өзіңді кінәлауы бек мүмкін. Басынан өтпеген адам сені түсіне алмайды. Әсіресе “жақсы әйел жаман еркекті адам қылады”, отбасының қазығы әйел ғой, шыдау керек еді” дейтін түсініктегі қазақ қоғамы..Оларға сенің қалжыраған, қажыған жаның, өлген сенімің мен қатып қалған жүрегіңнің құны көк тиын, көбіне. Сондықтан ішкі әлеміңді ақтарудан жеңілдеуден гөрі, керіснше өз ауыртпалығыңа қосымша тағы ауырлық қосып алуың мүмкін. Кез-келген адамға сыр шашпауды үйренген сайын, қатая бергеніңді сезбейсің. Солай күшті иммунитет қалыптасады. Бұл да жақсы.

Бастан өткендіктен, бұлай деп сенімді айтуға құқым бар шығар. ”Өлең шіркін өсекші, жұртқа жаяр” деген, шынымды айтам деп, сырын айтқан жаман болмай-ақ қояйын. Айтқым келгені — сотталып жатқан адамның қылмысы тек қызғаныштан болған жоқ деп ойлаймын. Ол жерде елге беймәлім материалдық есеп те бар-ау. Марқұм әйел күйеуі туралы ел білмейтін сұмдық шындықты білуі мүмкін. Өлімші етіп, ұрып-соғып, қорлаудың мотиві де сол болуы ғажап емес. Өлтірем деген ой болмаса да, ашудан қаны қарайғанда адам өзіне есеп бере алмай қалады емес пе? Солай әбден қорлап, өткен өмірін айтқызып, компр.жинағысы келуі немесе қорқытып, уысында ұстағысы келген де болар.

Ұрыс кезінде “сенен бәрібір кетем, соныңды елге жариялаймын немесе менің атыма аударып бересің” деген сияқты әңгіме болуы да мүмкін ғой. Қомақты қаражат (заңсыз немесе арам жолмен иемденген) салынған шоты соның атында болуы мүмкін, мысалы. Олай болмаса, заңды некеге тұрмаған әйел құрбысына ажырасу үшін адвокат тауып беруін сұранбайды ғой.(соттағы куәнің айтуынша) Неке де, бала да жоқ араларында. Кәсіби заңгердің көмегінің не керегі бар, бұл жерде? Демек, тергеу де, сот та, ел де білмейтін құпия бар сияқты, бұл істе. Бүкіл картинаға ойша анализ жасағанда, түйсігім солай дейді. Бір-бірінен не кете алмай, не адам секілді тұра алмай, жап-жас, сұп-сұлу әйелі бола тұра, көшедегі жезөкшелерге баруының да себебі осы болуы кәміл. Әйелінің өткенін кешіре алмай, бірақ бір себептермен адам сияқты жөніне де жібере алмай жүргені де сол арадағы құпия болып шықса, таң қалмас едім.

Байжанов та біз ойлағандай ауылдың аңқау баласы емес-ау. Жәбірленуші тараптың адвокаттарының пайымы дұрыс сияқты, осы ретте. Ол құпияны ол да біледі, демек.

Сол үшін сотталушының қарт ата-анасын табаламай, көп шенеунік өз отбасы мүшелерінің өмірлеріне үңіліп, үлкен сабақ алу керек. Балалары соттағы екі тараптың тағдырын қайталамасын десе.