Астанада "Атыс қаруы: тапанша тарихы" көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада "Атыс қаруы: тапанша тарихы" көрмесі ашылды

Астанада "Атыс қаруы: тапанша тарихы" көрмесі ашылды

Астанада көрме ашылды

  • 4 Мамыр
  • 6
Фото - Caravan.kz

Көрме Қазақстан Республикасының президенттік орталығында орналасқан, ол Отан қорғаушы күніне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні және Рақымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған.

Көрмеде Ұлы Отан соғысы кезінде Отан қорғаған жауынгерлердің ерліктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін қалыптастыру мен дамуы туралы материалдар ұсынылған. Экспозицияның негізі Президенттік орталық қорындағы атыс қаруы жинағы болды.

Президенттік орталықта көрменің үш бөлімі ұсынылған. 

«Ұлы Отан соғысы» бөлімінде  Рейстагқа ту тіккен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев, Кеңес Одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі Сагадат Нұрмағамбетовке арналған материалдармен таныса аласыз. Сондай-ақ, панфиловшы-гвардияшы Сағнай Аяпбергеновтің жеке архивінен материалдар ұсынылған, олардың ішінде Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанованың ерліктері көрсетілген.

«ҚР Президенттің іс басқармасы қорындағы тапаншалар жинағы” бөлімінде атыс қаруы коллекциясы мысалында револьверден бастап заманауи атыс қаруына дейінгі тапаншалардың даму эволюциясы ұсынылған. Көрмеден Лефоше, Кольт, Браунинг, Федерле, Стечкин және т.б. көрнекті қару дизайнерлерінің туындыларын көре аласыздар. Сонымен қатар, Еуропа, АҚШ, Ресей және Түркия әлемдік қару өндірушілерінің тапаншалары мен револьверлері қойылған. 

«Қазақстан Республикасының Қарулы күштері» — бұл бастауын 1992 жылы 7 мамырдан алатын Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қалыптасу тарихынан сыр шертетін бөлім. Дәл сол күні Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойылды. 

Көрмеге барушыларға ерекше әсер тілейміз!