"Арамызда жоқ екеніңе әлі де сенбеймін": Маңғыстауда қаза болған сарбаздың досына жантебірентер жазба арнады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.88
  • € 503.61
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Арамызда жоқ екеніңе әлі де сенбеймін": Маңғыстауда қаза болған сарбаздың досына жантебірентер жазба арнады

"Арамызда жоқ екеніңе әлі де сенбеймін": Маңғыстауда қаза болған сарбаздың досына жантебірентер жазба арнады

Желіде Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза болған сарбаздың досы оған арнап жантебірентер жазба қалдырды.

  • 28 Қыркүйек
  • 1
Фото: Instagram/tanirbergeenn

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол өзінің бала күнгі досына жантебірентер жазба арнап, елді жылатты.

«Темірдей мінезді, ақжарқын, қайсар, намысшыл досым, жаным бауырым. Асқақтаған арманың мен мақсаттарың көп еді. Судан қорқатыныңды біле тұра, неге намысқа беріліп секірдің, досым? Сенің енді арамызда жоқ екеніңе әлі де сенгім келмейді. Неге ерте кеттің, бауырым? Айтылмай қалған сөздеріміз, жолыққанда бірге жасаймыз деген жоспарларымыз қалды. Сен мен үшін жай ғана дос емес едің. Бірге қиыншылық көрген, бір нанды бөлісіп жеген, талай сыр шертіп сөйлескен кездерімнің бір бөлшегісің. Сенің орның мен үшін әрдайым бөлек, бауырым.

8 жыл оқып, қызыл дипломға бітіріп, бірден аға лейтенант шенінді алып, армандарыңа нық қадам басып келе жаттың, досым. Неге сен өмірден ерте айырылдың? Сенің елге деген жанашырлығың, ұлтыңды арыннан биік қоятынның барлығына үлгі еді. Еліңе адал қызмет еттің, өз міндетіңді абыроймен атқардың, досым. Сен менің мәңгі жүрегімдесің.

Жатқан жерің жайлы болсын, бауырым. Еліне еткен қызметіңді, адамға жасаған жақсылығыңды Алла қабыл етсін. Сен мен үшін әрқашан бауыр, нағыз дос, үлгі тұтар офицер, жақсы адам болып қаласың.

Қош бол, бауырым… Сенің есіміңді ешқашан ұмытпаймын… Сені әрдайым сағынамын… Жаның жәннатта болсын», — деп жазды ол.