"Астағфируллаһ, қазақтар бірінші орын алдық деп өтірік айтуға ұялмайды": Өзбек жанкүйерлері Азия чемпионатының нәтижесіне наразылық танытуда - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Астағфируллаһ, қазақтар бірінші орын алдық деп өтірік айтуға ұялмайды": Өзбек жанкүйерлері Азия чемпионатының нәтижесіне наразылық танытуда

"Астағфируллаһ, қазақтар бірінші орын алдық деп өтірік айтуға ұялмайды": Өзбек жанкүйерлері Азия чемпионатының нәтижесіне наразылық танытуда

Жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 24 алтын медаль еншілеп, жалпы командалық есепте бірінші орын иеленді. Байрақты бәсеке Астана қаласында өткен.

  • 10 Мамыр
  • 12116
Фото - Caravan.kz

Алайда ,үшінші орын алған Өзбекстан құрамасының жанкүйерлері бұл нәтижемен келіспейтіндерін жарыса жазуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Өзбекстан халықаралық ақпараттық агенттігі» атты Facebook парақшасында өзбекстандық жанкүйерлер Азия чемпиоанаты әділ өтпегенін, жарыс қазақ жерінде өткеннінің арқасында қазақстандық боксшылар бірінші орын алғанын жазуда.

«Алдыңғы жарыстарда кім бірінші орын алғанын айтпайтын еді. Енді бірінші, екінші орындарды айтып мақтанып жатыр», «Астағфируллаһ, қазақтар бірінші орын алдық деп өтірік айтуға қорықпайды», «Кім ұйымдастырса, бірінші орын сол елдікі дейтін бе еді?! Мейлі, құттықтаймыз», «Нәтижеміз өте нашар, сыбайлас жемқорлық боксқа да келгені ме?», «Бұл қандай жарыс? Кезінде өзіміз жеңген спортшылар бізді жеңіп кетті ме?», — деп жазды олар.

Еске сала кетейік, 25 сәуір мен 8 мамыр аралығында елордада өткен жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленсе, Үндістан құрамасы екінші орын алды. Ал, Өзбекстан құрамасы үшінші орынға жайғасып, үздік үштікті қорытындылады.