Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды, Caravan.kz медиа порталы.
«Бишімбаев ерте босап шыға алады
ҚР ҚК-нің 72-бабына сәйкес аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адам мерзімінің үштен екісі өтелгеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беруге құқылы.
Бишімбаев 2023 ж. 9 қараша тұтқындалды. Сот «бір күн үшін бір күн» есебіне сүйеніп отыр. 2023 ж. 9 қарашадан 2024 жылғы 13 наурызға дейін Бишімбаев – 187 күн қамауда болды.
ҚР ҚК-нің 72-бабын ескере отырып, жақсы мінез – құлық көрсетсе ол “УДО” бойынша шығу туралы өтініш жазып, 8 жыл бұрын, яғни, 2039 жылы босап шығуы мүмкін. Жасы 59-да болады», — деп жазды ол.