Мәжіліс депутаты жастарға 5%-бен пәтер беруді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты жастарға 5%-бен пәтер беруді ұсынды

Мәжіліс депутаты жастарға 5%-бен пәтер беруді ұсынды

Жалдамалы пәтерде күнелтіп жүргендер мемлекеттік бағдарламалар мен үй кезегінде тұру мүмкіндігінен айырылған

  • 16 Мамыр
  • 8
© Sputnik / Абзал Калиев

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрақты баспанасы жоқ жастарға 5 пайызбен пәтер беру керек. Мәжілісте депутат Дәулет Мұқаев осындай ұсыныс айтты. Сондай-ақ 10%-дық бастапқы жарнамен өздері тұрып жатқан баспанасын сатып алуға мүмкіндік беру мәселелесін көтерді, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

2019 жылдан бері инфляция деңгейі шарықтап, үй бағасы жылдан жылға өсіп жатыр. Осыдан 5 жыл бұрын республика бойынша пәтердің орташа шаршы метрі 200 мың болса, қазір 400 мың теңгеге жуықтады. Яғни, 2 есе өскен. Ал жалдамалы пәтерде күнелтіп жүргендер мемлекеттік бағдарламалар мен үй кезегінде тұру мүмкіндігінен айырылған.

Осы олқылықты шешу үшін тіпті жалдамалы пәтерде тұру мерзімін ұзарту керектігі жайында да сөз қозғалды. Бұдан бөлек депутат жастарға жан-жақты қолдау көрсету мемлекет міндеттерінің басым бағыттарының бірі екенін айтты.

https://youtube.com/watch?v=-fzV6XizJnU%3Fsi%3DTt0OkQUU7Tm3p2QB

«Шындыққа тура қарасақ, баспанаға қаржы жинаудан, қымбатшылық қыспаққа алып, күнкөріс мәселелі алдыңғы орынға шықты. Бұл бір. Екіншіден, елде жастарға арналған тиімді мемлекеттік бағдарлама жоқ. Елде тиімді бағдарламаның жоқтығынан жастар баспана алу үшін шетел асып жұмыс істеуге мәжбүр. Келмей қалып қойып жатқаны қаншама. Бұл елімізде дарынды, талантты жастардың азаюына алып келіп жатыр», — дейді Дәулет Мұқаев.