"Енді сен жоқсың, жай ғана төмпешіксің": Түсіпбаева отадан соң мезгілсіз дүниеден өткен досына жантебірентер жазба арнады - kaz.caravan.kz
  • $ 450.91
  • 522.69
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Енді сен жоқсың, жай ғана төмпешіксің": Түсіпбаева отадан соң мезгілсіз дүниеден өткен досына жантебірентер жазба арнады

"Енді сен жоқсың, жай ғана төмпешіксің": Түсіпбаева отадан соң мезгілсіз дүниеден өткен досына жантебірентер жазба арнады

Әнші Меруерт Түсіпбаева желіде отадан кейін қайтыс болған марқұм досы туралы ой қозғап, желідегілерге ой салды.

  • 14 Қыркүйек
  • 1
Коллаж: Caravan.kz/фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Естеріңізде болса, бұған дейін блогер Сәуле Базарханның кенеттен тыс қайтыс болғаны туралы хабарланған еді. Продюсер Гүлзира Айдарбекова қаралы хабарды жеткізіп, оның оған туған сіңлісіндей болып кеткенін айтқан болатын.

Әнші Меруерт Түсіпбаева неше айдан кейін ғана марқұмның басына барып, Құран бағыштағанын жеткізді. Сондай-ақ, ол өзіне сатқындық жасаған достары туралы да жазды.

«Торқадай жамылып ап топырағын , жатармын өз жерімде бір төмпешік”- деп Қасым ақын жырлағандай , біреу ерте , біреу кеш әйтеуір бір солатынымыз айдан анық… Сауленің басына бара алмай , жаным жай таппай жүрген едім. Бүгін сәті түсті. Машинадан түсе сала , меңірейген қара тастағы күлімдеген жүзіңді көріп , көзімнен жас парлап , Сауле!-деп тірі адамды шақырғандай өксіп шыққан дауысымның дірілін біраз уақыт баса алмадым…

Жан- жағыңа нұрын шашқан жанашыр, Сауле! Аз уақыт болса да , жақын араластық. Сен туралы менің естеліктерім көп қой… Анам, балам, өзім емделуге клиникаға барсақ , ақша алмай әлек қылатынсың ( перевод жасатпай, екеуіміз кассаның жанында біраз дауласатынбыз)

Көнбеген соң, бір амалын тауып , дәрігердің қолы ауырмасын деп , жеке счетына салатынмын. “Досың дос болғанына шаттан, дұшпанмен дос болудан сақтан, “- деген атам қазақ. Өзіне керегін алып, екінші күні танымай қалатын талай сатқын, сайқал “достарды” да көргенбіз… Мен желіде, мыңмен жалғыз алысып отырғанымда, үнемі мені жақтап, қолдап отыратын едің … Енді сен жоқсың! Жай ғана , бір төмпешік …Жаның жай тапсын , Адал Досым», — деп жазды ол.