Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 30-ға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 30-ға жетті

Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 30-ға жетті

Бұл қатарға биыл Сайрам ауданындағы Ханқорған ауылы қосылды

  • 21 Мамыр
  • 8
© Sputnik / Айдана Дайырова

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысында 30-ға жуық ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартқан, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл қатарға биыл Сайрам ауданындағы Ханқорған ауылы қосылып отыр. Игі бастама ауыл ақсақалдары мен ел ағаларының бастамаларымен қолға алынған.

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары М.Әліпов Ханқорған ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауыл жастарының салауатты өмір салтына деген қызығушылығы артқанын айтты.

«Жалпы Сайрам ауданы бойынша ішімдіксіз ауыл саны 10-ға жетіп отыр. Олардың қатарында Шіркін, Ошақты, Құрлық, Таскешу, Әсіларық, Сарыарық, Тоған, Теспе, Ханқорған, Құтарыс ауылдары бар», — делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Арыс қаласындағы — Дермене, Теміржолшы, Орманды, 40-разъезд, Бәйдібек ауданындағы — Түйетас, Жетісай ауданындағы — Алмалы, Келес ауданындағы – Шұқырсай, Мақташы, ал Мақтаарал ауданындағы – Табысты, Ордабасы ауданындағы — Аққойлы, Жусансай, Төреарық және Көлтоған ауылдары, сондай-ақ Отырар ауданындағы – Қарғалы, Сауран ауданындағы – Жүйнек, Шекербұлақ, Төлеби ауданындағы — Алғабас, Оңтүстік және Диханкөл, Қазығұрт ауданындағы – Шарбұлақ ауылы ішімдіксіз ауылдардың қатарына қосылған.