Ол Instagram желісінде кенже келінімен бірге түскен видео жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Продюсердің оқырмандары оның кенже келінінің қасында ерекше көңілді жүретінін жазған. Гүлзира Айдарбекованың өзі де бұл пікірмен келісетінін айтты.
«Рас айтасыз, келін жақсы болса, үйге күн нұры төгіліп тұрғандай ғой, шіркін. Мамалап қас-қабағыма қарап отырады, сілкінбейді, көгермейді, одан артық не керек. Осылардан құдай айырмасын, ұрпағымды жалғастырып, көз қуанышым болып, ата-аналарымен мың жылдық құдай берген құда-жекжат болып жүруімізді жазсын Алла! Осылар бақытты болса құда мен құдағи да тыныш қой. Еркелесе еркелесін, еркелететін қыздарым да жоқ. Қиылып, күлімдеп шәйін тырыспай беріп, мама деп тұрса, жүрегімді жұлып беруге дайынмын», — деп жазды ол.