"Дәл қазіргі кезде бала туа беретін заман емес": Танымал блогердің желідегі жазбасы елдің ашуын келтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Дәл қазіргі кезде бала туа беретін заман емес": Танымал блогердің желідегі жазбасы елдің ашуын келтірді

"Дәл қазіргі кезде бала туа беретін заман емес": Танымал блогердің желідегі жазбасы елдің ашуын келтірді

Танымал блогер, көп балалы ана Мөлдір Анарбаева желідегі көп балалы аналарға қатысты жазбасы үшін, елдің қатаң сынына ұшырады.

  • 14 Маусым
  • 370
Фото - Caravan.kz

Көпшілік көп балалы болу үшін, ата-анасының да жағдайы болуы керек деген пікірді жаудырып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ойын желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Бәрі уақытша шыдаңдар. Балалар өседі, бір қауым ел боласыз, солардың арқасында төрге шығып, марқаясыз. Қазақша бақытты болу осы. Шетел болып жүрген әйелдер бір баланың бетіне қарап пигурасын ойлағанымен кейін зардабын шегеді. Бірінің қалғанын бірі киіп өскен бір үйдің балалары ұйымшыл болады. Қазақтың саны көп болсын! Уақытша жынды ұқсап жүргеннің жалғасы жақсы», — деп жазды ол.

Көпшілік блогердің пікірін қолдаса, енді бірі қарсы шыққан.

«Жастық шағың өтіп кетеді ғой, балалар өскенше», «Дәл қазір көп бала таба беретін заман емес, ол үшін қаржылай шамаң болуың керек, қымбатшылық, әр балаға жеке көңіл бөлу керек дегендей», «Сіздер сияқты блогерлерге түк емес шығар, қарапайым отбасыларға көп баланы жеткізу оңай емес, саннан сапаға мән беретін кез келген шығар қазаққа» деп жазды олар.