Салтанат Нүкенованы қинап өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған бұрынғы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың аппеляциялық соты басталды. Сот ашық, онлайн режимде өтіп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары үкімнің күшін жоюды сұрап отыр. Ал қорғаушылардың бірі судья Айжан Құлбаеваны «Бишімбаевты бопсалады» деп мәлімдеді. Себебі ол Бишімбаевтың телефонындағы құпиясөзді сұраған, бірақ қорғаушылардың «өзіміз көрсетейік» деген өтінішіне құлақ аспаған.
Адвокат Ерлан Ғазымжанов соттағы орын алған қателіктерді айтып, сөз сөйлеп жатыр.