"Тұрсынбектің бойындағы өнер - алаяқтығы мен бәдіктігі": Халық Қабатов жайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тұрсынбектің бойындағы өнер - алаяқтығы мен бәдіктігі": Халық Қабатов жайлы

"Тұрсынбектің бойындағы өнер - алаяқтығы мен бәдіктігі": Халық Қабатов жайлы

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты сынады.

  • 1 Шiлде
  • 12586
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тортуыл Шоқанның фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын қамауға алынған Қабатовты көп ұзамай босатылатынын айтты.

«Қазақтың көңілін көтермекке бөлінген ақшаны тендерден ұтып алып, өзін мазақтай ма болмаса?!

Тұрсынбек «Тұрсынбек» болғалы жылына млрд таған теңгелерді игереді.

Осы оқиғадан кейін ол «тезек теріп» кете ме?

Жоқ, әрине!

Қайта келіп сол 5 күн ИВС те жатқанын айтып күлдіреді.

Оны талғамы төмен жұрт қабылдайды—ыржалаңдайды.

Мәдениетте мәдениетсіздер көпқой бізде, айтары жоқ», деп жазды.

Оқырмандар тарапынан да осы сынды пікірлер жазылды: «Қандай өкімет келсе де жезөкшелер мен сайқымазақ әртістерге тиіспеген тарихта қай мемлекетте болмасын», «Рас айтасыз аға. Талғамы төмен ыржалаңқайлар», «Тұрсынбек Қабатовтың әр сөзіне мән беріп,телефонымнан ғана көремін. Күле алмаймын, кейде қарным ашады, кейде құптаймын. Сонда ойланып қаламын, халық залда толып отырып алақан соғып, күледі. Маған ешқандай күлкілі емес!, неге күледі екен!, -деп күркініп, өзіме сұрақ қоямын!, мен қандай адаммын!,-деп».