Билеттерді заңсыз сатқан: Алматы вокзалының басшысы қызметінен кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Билеттерді заңсыз сатқан: Алматы вокзалының басшысы қызметінен кетті

Билеттерді заңсыз сатқан: Алматы вокзалының басшысы қызметінен кетті

Жолаушылардан шағым түскен.

  • 9 Шiлде
  • 13
Фото: ашық дереккөз

«Қазақстан темір жолына» жолаушылардан бірнеше рет шағым түскен. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қазақстан темір жолы жеке кассада билеттерді заңсыз қайта сату фактілерін анықтады.

«Алматы-1 теміржол вокзалындағы билеттерді алыпсатарлармен күрес аясында, ҚТЖ қызметкерлері жұртшылық пен БАҚ-ты тарта отырып, тергеу жүргізді. Ол билеттерді заңсыз қайта сату және теміржол билеттерінің жасанды тапшылығын жасау деректерін анықтады. Билеттерді қайта сату схемасына жеке касса қызметкерлері мен олардың делдалдары қатысқан», — деді баспасөз қызметі.

Тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілді.

«Вокзал басшысы зерттеу жасалып жатқан кезде қызметінен уақытша шеттетілді. Оның қызметіне сәйкестігі туралы мәселе қаралып жатыр. Жеке касса жұмысы тоқтады. Елдегі бүкіл вокзал аналитикалық тексеруден өтеді», – деді баспасөз қызметі.

Еске салайық, Қазақстан темір жолы мемлекеттік қаржыландыруға тәуелді. Бүгінде ҚТЖ қарызы 29 миллиард теңге. Билет бағасы бар шығынды жабуға жетпейді. Осы тұста ҚТЖ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қанат Әлмағамбетов шығынның бәрі ақталу үшін билет бағасы 3 есе қымбатқа сатылу керек деген пікір айтқан. Бұл пікірге министір әлі жолаушылар билеттерінің құнын көтеру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ деп жауап берген. Әрине, халық наразылық білдірді.

Бұған дейін біздің тілші пойыздардағы былық туралы материал жариялаған еді. Балалар мен ересектердің құжаттары тексерілмейтіні айтылған. Дәлелдер келтірілген. Тілшінің материалынан кейін, өңірлерде, әсіресе Шымкентте пойызға отырғызу кезінде құжаттар егжей-тегжейлі тексерілетін болыпты. Бұл туралы біздің дереккөз мәлімдеді.