Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Caravan.kz хабарлайды.
Бас прокуратураның хабарлауынша, прокурор қазір Астана қаласы прокуратурасының Мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыға қатысу басқармасының бастығы қызметін атқарып жатыр.
Еске салайық, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесіне Айжан Аймағанова мемлекеттік айыптаушы, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі ретінде қатысқан еді.
2024 жылдың 15 шілдесінде Айжан Аймағанова жаңа атақ – подполковник шенін(«Әділет кеңесшісі» сыныптық шені) алғаны белгілі болған еді. Мұны оның мұқият жанкүйерлері әлеуметтік желідегі суретінен байқаған.