МӘМС жүйесіндегі миллиардтар желге ұшқан - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
МӘМС жүйесіндегі миллиардтар желге ұшқан

МӘМС жүйесіндегі миллиардтар желге ұшқан

Оның 12 миллионы жеңілдігі бар әлеуметтік топқа жатады.

  • 23 Шiлде
  • 8
Фото: ашық дереккөз

Жоғары аудитор палатасы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің заң бұзушылықтарын әшкереледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы КТК арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Аудит қордың аймақтағы филиалдарымен қосқанда 13 мекемеде жүргізілген. Тек 2022-2023 жылдардың есебі ғана тексерілген, оның өзінде оңды-солды кеткен қаржы шаш-етектен.

Бүгінде ел бойынша 16 миллион 200 мың адам МӘМС-ке тіркелген. Оның 12 миллионы жеңілдігі бар әлеуметтік топқа жатады. Аудиторлардың осы ауқымды қорда атқарылып жатқан іске көңілі толмай отыр. Қаражатты тиімсіз жоспарлау және пайдаланудың кесірінен миллиардтар желге ұшқан. Аймақтар түгілі, Астананың өзінде МӘМС арқылы ең көп қаржы алған емдеу мекемелері талапқа мүлдем сай емес.

Жалпы заң бұзушылықтардың дені тегін көрсетілуі тиіс медициналық қызметті тіркеу мен төлеуге қатысты. Мәселен, мемлекет қаржы бөлген медициналық қызметтерге емделушілердің ақша төлегені мен шетелге көшкен азаматтарға дәрі-дәрмек ресімделгені мәлім болған. Стационар және амбулатория көмегі бойынша да 29 миллиард теңгеге қосарланған төлем арқылы кеткен. Яғни онсыз да мемлекет есебінен қаржыландыратын емге Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы да ақы алыныпты.

«Көбіне медициналық қызмет көрсетушілер директор мен бухгалтерден ғана тұрады және мөрі ғана бар. Ғимарат сағатына жалға алынады. Онда ғимарат иесіне тиесілі жабдықталған бөлмелер болады, ал кейде қажетті жабдықтар болмауы да мүмкін. Қабылдау сағат бойынша жүргізіледі, яғни таңғы 8-ден 10-ға дейін бір клиника, содан кейін дәрігер ауысады. Кейде тіпті ауыспайды да. Жалпы бұл заңнаманы бұзбайды, дегенмен іс жүзінде бұл медициналық қызмет көрсету сапасының стандарттарына қатысты сұрақтар тудырады», — деді ҚР Жоғары аудитор палатасының мүшесі Расул Рахымов.