"Ең болмаса жылт еткен үміт бар еді": Дана Нұржігіт Дәулет Мұқаевтың анасына жантебірентерлік жазба арнады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ең болмаса жылт еткен үміт бар еді": Дана Нұржігіт Дәулет Мұқаевтың анасына жантебірентерлік жазба арнады

"Ең болмаса жылт еткен үміт бар еді": Дана Нұржігіт Дәулет Мұқаевтың анасына жантебірентерлік жазба арнады

Тележүргізуші, білікті журналист Дана Нұржігіт Дәулет Мұқаевтың анасынан айырылуына байланысты қайғыра көңіл айтты.

  • 29 Шiлде
  • 66
Фото - Caravan.kz

БАҚ өкілі депутаттың анасымен жеке таныс екенін жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Тележүргізуші жазбаны өзінің желідегі парақшасында жазды.

«Дәулетжан, айналайын! Кеше ғана сөйлесіп, жағдайыңды біліп отырған едім. Күлекеңнің денсаулығы оңалып келе жатыр ма деп,ең болмаса жылт еткен үміт бар ма деп едім… қайтейін?! Тағдыр басқалай болды. Ерсің бе, әйелсің бе, жассың ба, кәрісің бе, хан бол, қара бол Ананың орны бәрінен биік, бәрінен бөлек, бәрінен ерек. Күлекең мен Төлеутай әкеңді сонау “көшбасшыға” өзіңе жанкүйер болып студияға келіп жүрген кезінен білем ғой. Баласы үшін құрақ ұшқан ата-ана. Құдай берген ұл-қызына бәрін сарқып берген жанкешті адамдар. Қарапайым қазақ. Күлекең мейірбике, Төлеутай әкей сол ауруханада ұста. Екі баланы жеткізіп, Семейден Астанаға көшіп келіп, енді құлашын кеңге жайып, немересін мейірлене сүйіп отыратын кезде… қап, қап!
Төкеңе қайғырып көңіл айтамын! Жарасып өмір сүрген жұбынан қапыда айырылу жан азабының ең ауыры. Дәуке, Лаура, Арука, туған-туыс, дос бауырға қайғыра көңіл айтамын!
Сабыр…», — деп жазды ол.