Қазақстан жалпы қуаты 26 ГВт болатын жаңа энергия өндіру нысандарын салады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан жалпы қуаты 26 ГВт болатын жаңа энергия өндіру нысандарын салады

Қазақстан жалпы қуаты 26 ГВт болатын жаңа энергия өндіру нысандарын салады

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Орталық Азия елдері энергетика министрлерінің кездесуінде елдің энергетикасы жүйесі қандай реформаларды бастан өткеріп жатқанын айтты.

  • 6 Тамыз
  • 3
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Өңірдің транзиттік әлеуеті толық ашылмағанын ескерсек, энергетикалық ресурстар саудасындағы ықпалдастықты нығайту жұмыстарын белсенді жүргізу маңызды деп есептеймін. Энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын сақтау қажет екенін ескерсек, өңірдегі халық саны мен электр қуатын тұтынушылардың саны ұдайы өсіп келе жатқанын ескерсек, жаңа энергетикалық қуат көздерін енгізу керек», — деді министр.

Алмасадам Сәтқалиев елдің энергетика жүйесі кезекті жаңғыртудан өтіп жатқанын атап өтті.

«Қазақстан өз кезегінде қолданыстағы қуат көздерін жаңғыртып, жалпы қуаты 26 гигаватт болатын жаңа көздерді салуды жоспарлап отыр. Заңнама аясында саланы дамыту жоспарларын жетілдіріп, өндірістерді энергия үнемдеуші режимге көшіру арқылы, тариф саясатын қайта қарап жаңартылатын энергия көздерін ашу арқылы реформалау жоспарланған», — деді ведомство басшысы.