Петропавлда бір отбасында он тоғызыншы бала дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда бір отбасында он тоғызыншы бала дүниеге келді

Петропавлда бір отбасында он тоғызыншы бала дүниеге келді

Петропавлдағы ең көпбалалы отбасында тағы бір нәресте дүниеге келді. Ерлі-зайыпты Култышевтер 19-ыншы нәрестесін өмірге әкелді. 

  • 7 Тамыз
  • 15
Фото: Kazinform

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қуанышты хабармен Петропавлдағы перинаталдық орталық бөлісті. 

«Бойы 56 сантиметр, салмағы 4 250 грамм болатын сүйкімді қыз өмірге келді. Бұл – қуаныш пен бақыт сыйлайтын өте керемет оқиға. Шаңырақтарыңыздан береке-бірлік кетпей, жылулыққа толы болсын», — делінген перинаталдық орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталық директоры Елена Калюжнаяның айтуынша, нәресте 6 тамыз күні таңғы сағат 5.20-да дүниеге келген. 

«Ана мен баланың жағдайы жақсы. Ертең үйлеріне жіберуіміз мүмкін. Жаңа босанған жас ананың жасы 43-те. Нәрестенің әкесі – 45-те. 19 баланың барлығы біздің перинаталдық орталықта дүниеге келген», — дейді Елена Калюжная.