Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан қымбаттап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан қымбаттап жатыр

Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан қымбаттап жатыр

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша,1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. 

  • 14 Тамыз
  • 8
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,29 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 479,83 теңге.

Ұлттық банктің 14 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 479,44 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,22 теңге. Еуро – 523,69. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 479,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 480,5 теңге. Еуро 525,5 – 530 теңге аралығында саудалануда.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 477 теңге, сатып алу құны – 481 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 5,21 – 5,38 теңге аралығында саудаланып жатыр.