Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”3 қыз өсіріп отырған әкемін! Төсектес қыз керек болса, зорламай-ақ келетін жағдайым бар. Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын”, — деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін боксшы Жанқош Тұраровтың қыз зорлағаны деген айыппен күдікке ілінгені туралы ақпарат тарағанын хабарлаған едік.