«Қазгидромет» РМҚ 5-7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Синоптиктер болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, республиканың солтүстігі мен шығысын қатты жаңбыр жауады.
«Республика бойынша түнде және таңертең солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түседі, топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМҚ.