”14 жасқа дейін балалардың қолына смартфон беруге қарсымын” - Дина Төлепберген - kaz.caravan.kz
  • $ 441.77
  • € 502.38
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”14 жасқа дейін балалардың қолына смартфон беруге қарсымын” - Дина Төлепберген

”14 жасқа дейін балалардың қолына смартфон беруге қарсымын” - Дина Төлепберген

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген 14 жасқа дейін балалардың смартфон ұстауына қарсы екенін, ұлы батырмалы телефон қолданатынын айтты.

  • 29 Қыркүйек
  • 1
Фото - instagram.com/dina_tolepbergen/

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Мирастың (ұлы) телефонын көрсеткім келіп жатыр. Бұл батырмалы телефон. Мен жалпы 14 жасқа дейін балалардың қолына үлкен экраны бар айфон, андроидтарды беруге мүлдем қарсымын. Өйткені, әлі толық жетілмеген, қалыптаспаған сана соншалықты ақпаратты қабылдауға, оны сүзгіден өткізуге дайын емес. Сондықтан мен балама “сен үнемі осындай тәті бала болып қалмайсың. Мен де дәл осылай өзімді қатырып қоя алмаймын. Менің күшім барда сенің талпынысың, ұмтылысың, қызығушылығың бар кезде бірге ойнайық, күлейік, билейік, жүзуге барайық, тауға шығайық, көп қой” деймін. Оның барлығын еш алмастыра алмайды”, — деді журналист.

Сондай-ақ, журналист екі ұлында да батырмалы телефон барын, қымбат смартфон алудың қажеті жоғын айтты.

Менің екі ұлымда да осындай телефон. Экраны бар, интернетке осылған айфон, андройттарды бермеймін. Өйткені миы мен жүйке жүйесінің жұқарғанын қаламаймын. Телефонмен туған, телефонмен тамақ жеген, телефонмен туалетке де баратын балалардан өзім қорқамын, шынын айту керек. Шексіз контенттің кесірін біз әлі толық білмейміз. Бірақ оның арты жақсылыққа апармайтыны анық. Сондықтан қарызға батып қымбат телефон алудың дым қажеті жоқ. Сіз жоқ дей алсаңыз, бала да ақыры жоқ дейді.

Мына видеода соңғы бір сөзім жазылмай қалыпты. Айтқаным: “телефон беріп, балаңыздың балалық шағын ұрламаңыз!”, — деп жазды журналист.

Желі оқырмандарының бірі журналисті қолдаса, ал бірі «қазіргі заманда балаға бәрібір телефон керек екенін» айтып пікірмен келіспеді.

Instagram-нан скрин
Instagram-нан скрин
Instagram-нан скрин