Қазақстандық боксшы Азия ойындарында күтпеген жеңіліске ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.85
  • 513.46
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық боксшы Азия ойындарында күтпеген жеңіліске ұшырады

Қазақстандық боксшы Азия ойындарында күтпеген жеңіліске ұшырады

Қазақстандық боксшылар Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарысты бастады.

  • 23 Қыркүйек
  • 169
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ел құрамасынан алғаш болып 80 келіге дейінгі салмақта Сабыржан Аққалықов өнер көрсетті. Оның қарсыласы Оңтүстік Корея боксшысы Ким Мин Сон болды.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен (3:2) жеңіс оңтүстіккореялық боксшыға берілді. Осылайша Ким Мин Сон ширек финалға жолдама алса, Сабыржан Аққалықов жарысты медальсіз аяқтады.

Айта кетейік, алғашқы раундта барлық төреші Аққалықовтың пайдасына дауыс берген. Екінші раундта басымдық Ким Мин Сонға өтті. Ал үшінші раундты төрешілер бірауыздан кореялық боксшының пайдасына шешті.

Еске салайық, Қазақстанның ерлер құрамасы Азия ойындарында алты салмақ дәрежесінде, ал әйелдер құрамасы бес салмақта сынға түседі. Бокс додасы 2 қазанға дейін жалғасады. Ал Азия ойындарының өзі 4 қазанда аяқталады.