”Әйелдік нәзіктік пен еркелікті үйретті”: Айгүл Иманбаева екінші күйеуі туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Әйелдік нәзіктік пен еркелікті үйретті”: Айгүл Иманбаева екінші күйеуі туралы

”Әйелдік нәзіктік пен еркелікті үйретті”: Айгүл Иманбаева екінші күйеуі туралы

Айгүл Иманбаева екінші күйеуін туған күнімен құттықтап, танысқан сәттерін еске алды.

  • 11 Қыркүйек
  • 108
Screenshot

Өнер иесі әсерлі жазбаны Instagram желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Сәлеметсіз бе?
-Сәлеметсіз. Менің атым Ерлан.
-Менің атым Айгүл.
-Танысқаныма қуаныштымын.
-Мен де. 
-Суреттерді жіберу үшін телефон нөміріңізді алсам бола ма?

Міне, ортақ достарымыз таныстырған кеште, біздің таныстығымыз сонау шет мемлекетте осылай басталды. Қызық,әр адам өзінің өмірлік жарын жүрегімен сезеді екен ғой. 
Ең бастысы Құдайға деген — СЕНІМ. Менің қасымда жаны таза, өресі биік, білімді, дамығанды жақсы көретін, бойында еш комплексі жоқ нағыз азамат болса екен деп, Құдайдан сұрайтын едім. Шын тілесең береді деген де осы шығар, және “Көптің тілеуі көл”- деген. Сіздердің ақ баталарыңызды өнер мен өмір жолымда тұмар қылып тақтым! Жаратқанға алғысым шексіз.
Бүгін менің жолдасым Ерланның туған күні. Шын жүрегіммен құттықтаймын. Сен маған әйелдік нәзіктіктің, еркеліктің қандай болатынын үйреттің. Не нәрседе де шексіздіктің бар екенін үйреттің. Ұл-қыздарымыздың, немерелеріміздің бақытын бірге көруге жазсын жаратқаным. Барлық арман-тілектерімізге бірге жетейік.
“Қуанғанға құт қонады”-дейді. Маған тілекші болған жандардың бәріне тілек-баталарыңыз мың еселеп қайтсын. Ұрпақтарыңыздың жолы қашанда ашық болсын.
Әр әйел бақытты болуға лайықты!!”, — деп жазды ол.