«ULTTYQ QAZYNA» экскурсиялық жобасы аясында «DALA OIYNDARY» мастер-класы өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «ULTTYQ QAZYNA» экскурсиялық жобасы аясында «DALA OIYNDARY» мастер-класы өткізілді

 «ULTTYQ QAZYNA» экскурсиялық жобасы аясында «DALA OIYNDARY» мастер-класы өткізілді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында №77 Ф. Оңғарсынова атындағы мектеп-гимназияның оқушыларына арналған «ULTTYQ QAZYNA» экскурсиялық жобасы аясында «DALA OIYNDARY» мастер-класы өтті. 

  • 13 Қыркүйек
  • 4
ФОТО: fnn.kz

Мастер-класс басында оқушыларға Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына кіретін спорттық сайыстардың түрлері туралы айтылды. Тоғызқұмалақ ойынына ерекше назар аударылды, бұл түркі халықтарының ең көне стратегиялық ойындарының бірі болып саналады. 

Мастер-класстың практикалық бөлімінде «Алматы ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-нің қарт өкілдері оқушыларды тоғызқұмалақтың ережелерімен таныстырды. Ұстаздар негізгі жүрістерді көрсетіп, олардың тактикалық және стратегиялық маңызын түсіндірді. Бұдан соң оқушылар өз білімдерін тәжірибе жүзінде сынап көруге мүмкіндік алып, білікті тәлімгерлердің басшылығымен бірнеше ойын ойнады. 

Ойыннан кейін нәтижелер талқыланды, сәтті жүрістер мен стратегияларға талдау жасалып, алғыс хаттар табыс етілді.