Бұл туралы ол Adal Adam YouTube арнасына берен сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Нұрболат Абдуллиннің әншілігін жоққа шығармаймын. Бірақ сый-құрмет жағынан қатты сыйлаймын деп айта алмаймын ол баланы. Өзі де көрсе, түсінер. Ол көзқараста жалғыз мен емес. Бір жарқырп шықты ма, кеуделерін аспанға тіреп қояды. Өмір бойы солай жүретін сияқты. Қасымызда тұрып амандаспай кететін жастарымыз бар. Көріп тұрып көрмей тұратындарды мен сыйламаймын. Нұрболатты соның қатарына қоямын, оны бетіне де айтқанмын. “Мына көкірегіңді түсірмесең, ертең біздің жасымызға сен де келесің. Сенің артыңнан сенен мықтылар шығады. Адам қарапайым болу керек” дегенмін. Амандаспау деген ұят нәрсе ғой”, — деді Ақбота Керімбекова.