”Қазақ тілінің қадір-қасиетін қазақша сөйлейтін қазақтар ғана кетіріп жатыр” - Жанар Байсеміз - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Қазақ тілінің қадір-қасиетін қазақша сөйлейтін қазақтар ғана кетіріп жатыр” - Жанар Байсеміз

”Қазақ тілінің қадір-қасиетін қазақша сөйлейтін қазақтар ғана кетіріп жатыр” - Жанар Байсеміз

Журналист Жанар Байсеміз қазақ тіліне байланысты ойымен бөлісті.

  • 18 Қыркүйек
  • 1058
Screenshot

Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Блогерлер, коучтар, тағы басқалары “больым” деп көп айтып жүр. Менің больым дейді. Боль деген сөзді жан жарасы деп алсақ қалай болады? Жан жарасы — қандай әдемі сөз.

Қазақ тілінің қадір-қасиетін қазақша сөйлейтін қазақтар ғана кетіріп жатыр. Кезінде ауылдан шыққан қазақтар, тілі қазақша шыққан қазақтар. Мектепте, университетте қазақша оқыған қазақтар.

Екі сөздің біріне орысша сөз қосу — сән емес. Бұл сорақылық, бұл надандық. Бұл мәдениеттің төмендігі. Ойыңды орысша жеткізгің келсе, таза орысша сөйле. Қазақша айтқың келсе, таза қазақша айт. Құдай үшін, тіл тазалығын сақтайықшы”, — деп жазды журналист.