Абай облысындағы шахтада жарақат алған қызметкер қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абай облысындағы шахтада жарақат алған қызметкер қайтыс болды

Абай облысындағы шахтада жарақат алған қызметкер қайтыс болды

Абай облысындағы Орлов шахтасында жарақат алған 2 жұмысшының біреуі ауруханада жан тапсырды

  • 20 Қыркүйек
  • 2
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

19 қыркүйекте сағат 14:20-да Орлов шахтасында кәсіпорынның 2 жұмысшысы жарақат алды. Оқыс оқиғаға тау-кен массасының опырылуы себеп болған.

Зардап шеккен екі жұмысшының бірі ауруханада қайтыс болды. Екіншісі болса медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтты.

«Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр. Тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге қатысу үшін өңірге барды», — делінген хабарламада.

Компания қаза тапқан жұмысшының отбасына жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.