Ұлытау тұрғыны құны 3 миллиард теңге болатын марганец рудасын заңсыз өндірген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлытау тұрғыны құны 3 миллиард теңге болатын марганец рудасын заңсыз өндірген

Ұлытау тұрғыны құны 3 миллиард теңге болатын марганец рудасын заңсыз өндірген

Ұлытауда ер адам 2020-2023 жылдар аралығында ешқандай рұқсат құжаттарынсыз "Восточный карьерінен" марганец рудасын заңсыз өндірумен айналысқан. Оның қылмысы "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ-ның аэроғарыштық суреттерінің көмегімен анықталды.

  • 27 Қыркүйек
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы мониторингі агенттігі Ұлытау өңірінде марганец рудасын рұқсатсыз өндіруге және кейін оны заңдастыруға қатысты тергеуді аяқтап, істі сотқа жіберді.

Күдікті жалған шот-фактураларды жазып, заңсыз өндірілген марганец рудасын заңдастырып, республика бойынша және шет мемлекеттерге өткізген. 

“Мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келген. Заңсыз өндірілген кен көлемі 16 мың тонна болып, жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асады. Күдіктінің 337 млн теңгенің жылжымалы және жылжымайтын мүлкі тәркіленді.”, – деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігі.