"Қайырымдылық қорлары бізде өте көп, бірақ ешқайсысы есеп бермейді": Журналист мешіт пен қорларға аударылатын қыруар ақшаны тексеру керектігін айтып, дабыл қақты - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қайырымдылық қорлары бізде өте көп, бірақ ешқайсысы есеп бермейді": Журналист мешіт пен қорларға аударылатын қыруар ақшаны тексеру керектігін айтып, дабыл қақты

"Қайырымдылық қорлары бізде өте көп, бірақ ешқайсысы есеп бермейді": Журналист мешіт пен қорларға аударылатын қыруар ақшаны тексеру керектігін айтып, дабыл қақты

Танымал журналист Гүлбану Әниятқызы қайырымдылық қорлары мен мешітке ешқашан ақша аудармайтынын айтты.

  • 31 Қазан
  • 47
Caravan.kz

Ол «қайырымдылық жасаған жақсы, алайда қадағалау болу керек екенін» атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Қайырымдылық қорларына сенбеймін және ешқашан ақша жібермеймін. Мешітке де солай. Көмектескім келсе, сол адамның өзіне жіберемін.

Баласының миына ота жасау керек болған бір әйелді білетінмін. Шетелге апару үшін ақша жинап жүрген. Бір күні алдымнан сол әйелдің баласы шырқырап жатқан, көмек сұраған видеосы шықты. Бірден ақша жібердім де, өзіне жаздым. Сүйтсем “Біз операция жасатып алғанбыз. Үйді саттық, барымызды саттық, солай ақша жинадық” дейді.

Ал ондай қорлар бізде өте көп. Ешқайсысының есеп бергенін көрмеппін. Қайырымдылық жақсы ғой, қадағалау да болу керек», — деп жазды журналист.